SCA on the Sheber's Blog

2010-07-21

 

Алла бұйыртса шілденің 23-25 аралығында Астанада баркемп форматында өтетін бейресми конференциясына қатысамын. SocialCamp аясында «жаңа медиа» жайында қазақ тілінде әңгімелейтін боламын. Айта өтсе, ол кездесуде тыңдармандармен қосылып «Twitter деген не?»  деген сұрақтың жауабын іздейтін боламын және бұл құралды қодану жолдарын әңгімелеп беремін.

Подкаст тақырыбын қозғалады. Қысқа-да-нұсқа PodKazt.KZ, RPOD.RU, PodFM.RU сайттары жайында айтамын. Қосымша ретінде подкастинг жайынжа жазатын блогтар, кітаптармен бөліспекшімін.

Менің бір ең сүйікті тақырыптарымның бірі – ғаламтордағы суреттер, суретті жіберу процессі, оның сақталу орны. Осы тақытыр аясында TwitPic, Tumblr сайттары жайында айтатын боламын.
Егерде осы тақырыптардан кейін уақыт қалса «әлеуміттік желі» жіне «Ғаламтордағы видео» деген мәселелерді қарастыратын боламын.

«SocialCamp Astana 2010»  жайында толық ақпаратты www.SocialCamp.kz сайтынан таба аласыздар. Кездескенше!